Жаңалықтар

Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды
Фото: Akorda.kz 30.06.2023 15:45 1140

Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды.

2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға