Жаңалықтар

Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қатысты қандай шаралар қабылданғанын айтты

Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қатысты қандай шаралар қабылданғанын айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 03.01.2024 10:00 1789

Мемлекет басшысы Қасымомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында зорлық-зомбылыққа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Кейінгі кезде қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездік белең алып барады. Әйелдер мен бала­­лардың әлімжеттік көргені, соқ­­қыға жығылғаны туралы ақ­парат күн сайын шығады. Осындай қыл­мыс­тардың тамырына балта шауып, біржола тосқауыл қою үшін мем­лекет тарапынан не істеліп жатыр?» деген тілшінің сұрағына:

Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тап­сырмаммен нақты шаралар қа­былдануда. Әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау­мен шұғылданатын маман­дардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді.

Біз мұнымен шектелген жоқпыз. Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдерін қайта қарадық. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұр­мыстық зорлық-зомбылық жаса­ған­дарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды.

Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр, - деп жауап берді Президент.

Сонымен қатар, ол тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға