Жаңалықтар

Мемлекет басшысы журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты
Фото: Gov.kz 09.04.2025 18:21 473

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты, – делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға