Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жеңіс күніне орай "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қояды

Мемлекет басшысы Жеңіс күніне орай "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қояды
Фото: akorda.kz 08.05.2023 12:47 1305

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Жылда елімізде 9 мамыр күні Жеңіс мерекесі аталып өтетінің көпшілікке белгілі. Осы орайда Мемлекет басшысы майдангерлер рухына тағзым етіп, көпшілікпен бірге жалпықоғамдық рәсімге қатыспақ. 

Осыдан 82 жыл бұрын неміс әскері КСРО аумағына шабуыл жасап, 4 жылға созылған зұлмат соғыспен есте қалды. Елімізден майданға аттанған 1,2 млн сарбаздың жартысы туған елге оралмады. Соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің 497-сі "Кеңес одағының батыры" атанған. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға