Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізді

Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізді
Фото: akorda.kz 28.10.2023 16:51 775

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең алдымен, құтқару жұмыстарының барысы және қазіргі ахуал туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баяндады.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілді. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарына 10 бөлімше, 55 тау-кен құтқарушы және 12 техника жұмылдырылды. Жұмыстар екі өндіру учаскесі аумағында жүргізілуде. Жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады, - деді Сырым Шәріпханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға