Мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барды
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
20.08.2023 19:00
1236
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқоңырда 3 күннен кейін ресейлік зымыран ұшырылады
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин