Мемлекет басшысы Вьетнамға екі күндік ресми сапармен барады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
19.08.2023 13:23
1123
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖ министрі құтқарушылардың қауіпсіздігі туралы тапсырма берді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті