Мемлекет басшысы Вьетнам президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
23.10.2024 19:34
473
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды