Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын құттықтады
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
28.01.2025 19:10
518
Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ тілін әлемге қалай танытамыз?