Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Ұстаз болу – қастерлі міндет

Мемлекет басшысы: Ұстаз болу – қастерлі міндет
Фото: Akorda.kz 05.10.2023 12:10 1133

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіне қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекемен құттықтады.

Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал ұстаз болу – қастерлі міндет.

Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке заң қабылданған болатын. Соған сәйкес соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өсті. Ал жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Сонымен қатар ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды.

Президент мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғанын да тілге тиек етті. Бұдан бөлек ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келгені де айтылды. 

Сондай-ақ мектептердің жағдайын жақсарту да сөз болды.

Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет, - деді Тоқаев.

Президент білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға