Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
03.07.2024 22:01
585
Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Путинмен кездесу өткізді
Келесі жаңалық
ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі