Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айтты
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
31.10.2022 17:07
2035
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
– Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға