Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Ұлттық қорға жармаса беруді доғару керек

Мемлекет басшысы: Ұлттық қорға жармаса беруді доғару керек
Фото: Pixabay.com 19.04.2023 11:38 718

Бұл туралы Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы. Біз оның ресурстарын қажет кезде, дағдарыс кезінде ғана пайдалануымыз керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институтын және жан басына қаржыландыруды, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тартуды толық пайдалану керек, - деді Президент.

Өткен жылдың желтоқсан айында МЖӘ жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойылды. Тиісінше жеке серіктестерді таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелген.

Осылайша, бизнесті мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға тартуға жағдай жасалды. Бұл құралды жаңа ұлттық жобаларды жүзеге асыруда барынша пайдалану керек. Үкіметке әлеуметтік саладағы МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға