Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 14.11.2022 12:27 905

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде  жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды. Осыған дейін Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны өскені туралы жазған болатынбыз.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға