Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.05.2023 11:07 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәртебелі қонақтың құрметіне құрмет қарауылы сап түзеп, Әнұран орындалды.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін Ақордада қарсы алды

Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл.

Осы жылдар аралығында екі ел арасында көпжақты және өзара тиімді мемлекетаралық байланыстар жолға қойылып, стратегиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстармен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон қазақ-тәжік қатынасын нығайта түсу үшін бүгін тағы бір рет кездесіп отыр деуге толық негіз бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға