Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті
Фото: Ақорда 29.09.2023 00:11 634

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Президенті сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды.

Тараптар халықаралық ұйымдар аясында, атап айтқанда БҰҰ деңгейінде өзара ықпалдастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға