Мемлекет басшысы рәміздер күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
04.06.2023 10:25
1259
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай қазақстандықтарды Twitter парақшасында құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Айтулы күнге орай жазба жариялаған Президент қастерлі рәміздерді ұлықтау әр азаматтың міндетіне екенін атаған.
Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! - деп жазылған құттықтауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік туды қандай жағдайда қолдануға тыйым салынады?
Келесі жаңалық
Елімізде Қызыл кітапқа қандай жануарлар енгізілген?