Мемлекет басшысы Қытайға ресми сапармен барады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
16.10.2023 11:05
977
17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақтың ақыны Несіпбек Айтұлы өмірден озды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті