Мемлекет басшысы Қытайдан келе сала су тасқынына байланысты жиын өткізеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
30.03.2024 11:20
1029
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты жағдайды бақылауында ұстап отыр. Мемлекет басшысы Қытайдан келе сала бүгін жиын өткізбек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жазылды.
Президент еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерде жүр
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті