Мемлекет басшысы құқық пен заң үстемдігіне қатысты Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - деп жазылған жарлықта.
