Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Фото: Ақорда 12.08.2024 15:35 382

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтылды. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Руслан Жақсылықов әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға