Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Қазақстанда бұрын-соңды мұндай ауқымды реформа жасалмаған

Мемлекет басшысы: Қазақстанда бұрын-соңды мұндай ауқымды реформа жасалмаған
Фото: Ақорда 25.04.2024 11:34 454

Мемлекет басшысы ҚХА отырысында Қазақстанда бұрын-соңды мұндай ауқымды реформа жасалмағанын атап өтті,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіншще, бұған тоқмейілсіп отыруға болмайды, реформаны сапалы жүзеге асыру керек.

Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордалаған көптеген мәселені шешуіміз қажет. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіреді, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы басты миссиямыз – жасау, құру, жүзеге асыру екендігін баса айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға