Мемлекет басшысы Қазақстан футболшыларының Грекияға қарсы ойынын тамашалайды

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
21.03.2024 23:43
923
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тамашалайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды. Жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді", – деді Берік Уәли.
Бүгін түнде футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиямен ойын өткізеді. Аталған матч сағат 00:45-те басталады.
Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиядан басым түскен жағдайда Грузия – Люксембург матчының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салатынболады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды