Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
18.01.2024 00:24
999
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жүзуден Қазақстан құрамасы Астанада жаттығып жатыр