Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті
Тоқаев екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
13.10.2022 15:08
1665
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.
Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен кездесті
Келесі жаңалық
Наурызнама онкүндігі: Жаңаөзен тұрғындары ағаш отырғызды