Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
31.07.2023 16:35
1221
Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Оқи отырыңыз:
- Тойға арнайы жасақ келген: Ақтауда қонақтар мен полиция қызметкерлері арасында жанжал туындады
- Ұлытау облысында жас жігіт суға батып кетті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін Пәкістанда жарылыс болып, салдарынан 88 адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының иегері атанды