Мемлекет басшысы ОАР Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
27.04.2025 10:04
185
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбелік оқушылар құстарға арнап 70 ұя орнатты
Келесі жаңалық
Ұлытауда интернет-алаяқтарына алданғандар саны азайған