Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды үш дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды үш дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.03.2025 22:40 183

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Естеріңізде болса, Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай (48 кг) мен Алуа Балқыбекова финалға шыққан еді. Ұлттық құраманың тағы 3 боксшысы бүгін финалға сынға түседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға