Жаңалықтар

Мемлекет басшысы мешіт құрылысына ақша бөлетіндерді мектеп пен аурухана салуға шақырды

Мемлекет басшысы мешіт құрылысына ақша бөлетіндерді мектеп пен аурухана салуға шақырды
Фото: Ақорда 15.03.2024 16:55 3000

Мемлекет басшысы қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға алғысын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елге жанашыр іскер азаматтар бізде де аз емес. Мұндай азаматтар қоғамға қажетті көптеген жобаға қаржы салып, игі істердің басы-қасында жүр. Қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға демеушілік жасап келеді. Мемлекет те отаншыл азаматтарды өзгелерге үлгі етіп, оларға қолдау көрсетеді, - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде мешіт салған азаматтарды мектеп, жатақхана мен аурухана салуға шақырды.

Әрине, аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ. Мұның сауабы мол. Кейінгі ұрпақ та осындай игі істерге алғыс айтары анық, - деді ол.

Сонымен қатар бизнес өкілдерін барлық салада белсенді болып, әлеуметтік жауапкершілік танытуы керектігін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға