Мемлекет басшысы Лукашенконың ұсынысына жауап берді
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
29.05.2023 14:24
807
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекеттің қатарына кіруді ұсынды. Мен оның әзілін бағаладым. Менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ, өйткені Еуразиялық экономикалық одақ секілді басқа интеграциялық бірлестіктер бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қажет емес, өйткені біз ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар шеңберіндегі міндеттемелерге адал болып қала береміз, - деді Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гауһар лига: қазақстандық жеңіл атлет үшінші орын алды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды