Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
17.02.2025 14:46
430
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады.
Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.
Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Бөлісу:
