Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 11.02.2025 10:00 197

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта Қазақстан президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға