Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz 26.04.2025 22:23 156

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты. 

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға