Мемлекет басшысы Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді
![Мемлекет басшысы Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді](/storage/storage/element/2025/02/06/mainphoto/141418/1200xauto_RAMxQaxTHh1hmu17BGvgUL41HBigy6PhpvNyzcIj.jpg)
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
06.02.2025 17:00
121
Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, оны Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады және грузин халқының өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президент соңғы жылдары Грузияның қарышты дамып, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде экономикалық өсімнің 9,4 пайызды құрағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.
Қазақстан мен Грузия түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқан, – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Реформаның нәтижелерін көру үшін 10-15 жыл уақыт керек – сарапшы
Келесі жаңалық
ШҚО-да нәресте ауруханаға ТЖМ тікұшағымен жеткізілді