Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
24.12.2022 17:10
1053
Президент Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы атап өтілді.
Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда граната жармақ болған азамат жауапқа тартылды