Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Физули қаласына барды

Мемлекет басшысы Физули қаласына барды
Фото: Ақорда 12.03.2024 13:22 997

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға