Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Душанбедегі «Қасри Миллат» сарайына барды

Мемлекет басшысы Душанбедегі «Қасри Миллат» сарайына барды
Фото: Ақорда 22.08.2024 16:32 539

Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға