Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы мамандарын құттықтады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
18.06.2023 09:13
1443
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазды Президент.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан аяқталатыны белгілі болды
Келесі жаңалық
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр