Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдының жұмысына баға берді
![Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдының жұмысына баға берді Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдының жұмысына баға берді](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/137031/1200xauto_IORQ1f2WSHXTKdeiHg1RenNmQjd9jDPhbvcdGZup.png)
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті, - делінген Ақорда мәліметінде.
Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)