Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
18.05.2023 14:40
1115
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында Азия инфррақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстандағы қызметін дамытуға қатысты алдағы жоспары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев банкпен арадағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, 2015 жылы еліміз Қытайдың осы банкті құру жөніндегі бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдағанын айтты. Осы уақыт аралығында АИИБ Қазақстанда жасыл энергетика саласы мен пандемия салдарымен күреске қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.
Кездесуде Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды