Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісін қабылдады
Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
14.11.2022 14:41
1262
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады