Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
20.01.2025 17:01
112
Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға