Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді қабылдады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
08.10.2022 14:13
1112
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады