Мемлекет басшысы шілдеде министрлер мен әкімдерді жинайды

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
14.06.2022 11:04
2031
Шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, – деп хабарлайды El.kz.
«Шілде айында мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз», – деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Смайылов барлық әкім мен министрге осы отырысқа дайындалуды тапсырды.
Үш жаңа облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша алты айдың қорытындысы жасалады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сыртқы сауда айналымы 4 айда 50%-ға өсті