Жаңалықтар

Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинаған мұғалім сөгіс алды

Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинаған мұғалім сөгіс алды
Фото: El.kz 26.04.2023 15:10 1314

Өскемен қаласында ата-аналардан ақша жинаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметінше, 1424 Call-орталығына Өскемендегі №15 орта мектеп оқушысының анасы хабарласқан. Ол мұғалімнің мектеп кабинетін жөндеуге ақша жинап жатқанын айтып, шағым түсірді.

Тексеру барысында аталған факті расталды. Жиналған қаражат ата-аналарға толықтай қайтарылды. ҚР «Білім туралы» заңының 63-бабын бұзған педагог «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Мектеп басшылығы ақша жинау бір сыныптың ата-анасының бастамасы екендігін алға тартты. Оларға оқушылар мен мұғалімдерден ақша жинауға заң бойынша тыйым салынғаны тағы бір мәрте ескертілді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан әйел мәселенің жедел шешілгеніне ризашылығын білдірді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға