Жаңалықтар

Мектептерде сабақ уақыты қысқартыла ма? Министр жауап берді

Мектептерде сабақ уақыты қысқартыла ма? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 06.11.2024 15:20 464

Уақыт белдеуі ауысуына байланысты сабақ сағаттары қысқартылған мектептерде жазда оқу жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында оқушылардың мектептен қараңғыда қайтатыны өзекті мәселе еместігін айтты. Ол сабақты қысқарту не қысқартпауды әр мектеп өзі қабылдайтынын еске салды.

Ереже бар, соған сәйкес бір сабақтың нақты уақыты көрсетілген. Әр мектеп сол уақытты сақтауға міндетті. Бізде осыған ұқсас жағдай 2020 жылғы пандемия кезінде болған, ол кезде сабақ 40 минуттан болды. Сонан соң 2021-2022 жылдары жазғы мектептер ұйымдастырылды, - деді Ғани Бейсембаев.

Министр мұндай мәселе негізінен еліміздің шығысында барын алға тартты. Үш ауысымды мектептерге сабақ уақытын қысқарту туралы ұсыныс берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға