Мектептерде интернеттің жылдамдығы 65%-ға артты
![Мектептерде интернеттің жылдамдығы 65%-ға артты Мектептерде интернеттің жылдамдығы 65%-ға артты](/storage/storage/element/2023/12/19/mainphoto/81460/1200xauto_MR6N3y3lFGpUHKOVl7vsXmSRcWN6upuVuamlPSEz.jpg)
2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды
ЦИФРЛАНДЫРУ
Мектептерде интернеттің жылдамдығы 19%-дан 65% - ға артты
93 % оқулықтар цифрлық форматқа көшірілді
Балабақшалардағы орындарды бөлу үшін «Кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы» құрылды
ТжКББ дипломдары QR-коды бар бланкілерде берілетін болды және олар egovmobile цифрлық форматта қол жетімді
Оқушыларға арналған ID – карта жүйелері енгізілуде
Ұлттық білім беру деректері базасының функциялары кеңейтілді
2 мыңнан астам интерактивті панелдер және 2 мыңнан астам компьютерлік техника алынды
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)