Жаңалықтар

Мектептер қызылшаға байланысты карантинге жабыла ма?

Мектептер қызылшаға байланысты карантинге жабыла ма?
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 10.11.2023 17:51 1179

Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева қызылша өршіп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде республика бойынша 13 мыңнан астам қызылша жұқтыру дерегі тіркелді. 100 мың адамға шаққандағы жұқтыру көрсеткіші – 66,9%. Көрсеткіштерді салыстырып қарасақ, Шымкентте – 2283 жағдай, Алматыда – 2217 жағдай, Жамбыл облысында – 1605 жағдай. Ақтөбе облысында – 1 мыңнан астам жағдай. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1690 жағдай тіркелген. Яғни, бұл мекемелерде қызылшамен ауыру көрсеткіші – 13%, - деді ол.

Оның сөзінше, елдегі 1444 мектепте қызылша жұқтыру фактісі тіркелген. Салдарынан 4836 адам ауырған.

Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру, - деді Нұршай Әзімбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға