Жаңалықтар

Мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс басталды

Мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс басталды
Фото: Видеодан кадр 20.02.2024 10:00 1951

Желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап.ке

Әлеуметтік желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім.

Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға