Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме? Министр жауап берді
Фото: © iStock
Фото: © iStock
15.08.2023 12:12
1522
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па?» деген сұраққа нақты жауап бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысынан соң өткен брифингте БАҚ өкілі министрдің бір жиын барысында хиджабты қолдайтынын айтқанын мәлім етті. Министр Ғани Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба?» деп сұрақ қойды.
Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз керек, – деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Путинге көңіл айтты